отын –көлік цехының аға шебері

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Тиісті мамандық бойынша білімі болмаған жағдайда өндірісте кемінде 7 жыл жұмыс өтілі талап етіледі.

        Жұмыс бағыты: жоспарлы-алдын алу жөндеулерінің бекітілген кестесіне сәйкес жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу және оған бекітілген жабдықта оперативті  персонал берген ақауларды уақтылы жою:

1) ұсақтау корпусы және бункерді тиеу;

2) таспалы конвейерлерді вулканизациялау;

3) жүк көтергіш механизмдер.

Түйіндеме мен дипломның  көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: AAbdrahmanov@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі 391) телефон арқылы хабарласу.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою