Тұрақты даму

Біздің ұстаным

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес, орнықты даму Қоғамның таяу онжылдықтағы үш стратегиялық мақсатының бірі болып табылады. Компания өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға тигізетін ықпалының маңыздылығын сезінеді, сонымен қатар ұзақ мерзімді құнның өсуіне ұмтыла, мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, ұзақ мерзімді перспективада өзінің орнықты дамуын қамтамасыз етеді. Компанияның негізгі міндеті – тиісті болжау мен жоспарлау арқылы тәуекелі жоғары жағдайларда өмір сүруді қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар тәуекелдерді мүмкіндікке айналдырып, болжанбаған болашаққа дайындалу.

«ЕГРЭС-2 ст.» АҚ-ның орнықты даму қағидаттарының ендірілуін қамтамасыз етудегі негізгі құжаттары:

Тұрақты дамуды ұстанушылық «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ қызметі қағидаттарының бірі болып табылады, бұл ретте Компания өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының үйлесімділігін қамтамасыз етуге тырысады.

«ЕГРЭС-2 ст.» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес біз тұрақты даму саласында төмендегі қағидаттарды сақтаймыз:

  • Ашықтық
  • Есеп берушілік
  • Айқындық
  • Этикалық мінез-құлық
  • Мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу
  • Заңдылық
  • Адам құқықтарын сақтау
  • Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
  • Мүдделер қақтығысына жол бермеушілік
  • Жеке басының үлгісі

Тұрақты даму мақсаттары

«ЕГРЭС-2 ст.» АҚ өз қызметіне тұрақты даму қағидаттарын біріктіре отырып, Тұрақты дамудың 17 мақсатын (бұдан әрі – ТДМ) ұстанады. Компания әрбір ТДМ-ның көрінісі болып табылатын экологиялық және әлеуметтік проблемалар өзекті болып табылатынын және кез келген ұйымға ықпал ететінін түсінеді.

Қоғамға қолданылатын  ТДМ-ның неғұрлым толық сипаттамасы «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ сайтында Корпоративтік құжаттар бөлімінде берілген.

 


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою