Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

Біздің ұстаным

Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Компания ішкі корпоративтік стандарттарды әзірледі және орындауға қабылдады:

– қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясат;

– жазатайым оқиғалар туындаған кезде ақпаратты ұсыну қағидалары;

– Қоғамның  ISO 45001: 2015  талаптарына сәйкес сертификатталды.

«ЕГРЭС-2 ст.»АҚ  денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында көшбасшылыққа ұмтылады.

Компанияның басшылығы негізгі ресурс Адамдар  болып  табылатынын түсінеді. Еңбек талаптарын жақсарту, жаңа озық технологияларды ендіру, қызметкерлерді сапалы оқыту бөліктерінде Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясатты тиімді іске асыру Қоғамның ғана емес, Республика табысының да басты кепілі болып табылады.

Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы талаптарына, сондай-ақ денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге міндеттенеді.

Оқиғалар

«ЕГРЭС-2 ст.» АҚ Трансформациялау бағдарламасы аясында жарақаттануды азайтуға және қауіпсіз еңбек мәдениетін арттыруға бағытталған бизнес-процестерді өзгерту бойынша жұмыс жүргізеді.

Пәрменді құрал ретінде «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ  «Қауіпсіз өндіріс» пилоттық форматтағы жобасын енгізеді. Ол 2017 жылы Халықаралық әлеуметтік қамтамасыз ету қауымдастығы қабылдаған Vision Zero  –  «жарақаттану нөлдік деңгейде» тұжырымдамасының қағидаларына негізделген.

«Қауіпсіз өндіріс» жобасы – басшылардың ашық мәліметтерді алуына және тез шешім қабылдауына мүмкіндік беретін өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша технологиялық және басқарушылық процестерді цифрландыру.

Бұл жобаны іске асыру, ең алдымен, тәуекелдерді басқаруға, тексерулерді жоспарлауға, оқиғалар бойынша тергеулер жүргізуге және біртұтас ақпараттық жүйеде кәсіпорындағы бұзушылықтардың жойылуын қадағалауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда «Capital» ЖШС компаниясының өкілдері 2020 жылдың 30 қарашасында  «ЕГРЭС -2 ст.» АҚ негізгі қызметкерлерінің  жүйеде жұмыс істеуі мен тестілік режимде пайдалануды  оқытуды аяқтады. 01.06.2021 жылдан бастап «Қауіпсіз өндіріс» жобасы  өнеркәсіптік  пайдалануға берілді.

Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін дамыту

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мамандандырылған аккредиттелген ұйымдарды тарта отырып, Қоғамның Мемлекеттік энергетикалық тізілімінің субъектілері болып табылатын барлық тәуелді ұйымдарында энергия аудиттері жүргізіледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында 2015-2025 жылдарға арналған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы әзірленді.

Бұл Бағдарламаның мақсаты – отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды және экономикалық жағынан тиімді пайдалану бойынша шаралар әзірлеу. Бағдарламадан күтілетін нәтиже – еншілес және тәуелді ұйымдардың жалпы тауар өнімінің энергия сыйымдылығын 2025 жылы 2014 ж. базалық көрсеткішпен салыстырғанда 10,5% -ға төмендету.

Өткен жылы отын-энергетикалық ресурстарды тиімді және экономикалық мақсатқа сай тұтынуға бағытталған 62 іс-шара қабылданды, бұл «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы бойынша 406 мың тонна шартты отынлы үнемдеуге мүмкіндік берді.

2020 жылдың қорытындысында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша жалпы тауар өнімінің энергия сыйымдылығы 29,2 т. ш.т. / млн теңгені құрады және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды орындау есебінен өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,0% -ға төмендеді.

Отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану, күлі жоғары көмірді тиімді жағу технологиясын құру бағытын айқындау мақсатында «Екібастұз кен орнының № 3 қабатының күлі жоғары көмірін және таусылған көмірді/көмірді байыту қалдықтарын жағуға арналған қазандық агрегаттарының от жағу құрылғыларының технологиясын әзірлеу» бойынша ҒЗТКЖ орындалды.

Назарбаев Университетімен ынтымақтаса отырып күлі көп Екібастұз көмірін және оны байыту қалдықтарын қайнаған қабат пен айналымдағы қайнаған қабаттың кешенді қондырғысында жағу бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізілді. КС және ҚҚТ-да осы көмірді тиімді жағу мүмкіндігін растайтын деректер алынды: дәстүрлі көмірді жағумен салыстырғанда отын шығынының және атмосфераға шығарындылардың азаюы. Осы көмір түрлеріне арналған КС және ОКС бар өнеркәсіптік және энергетикалық қазандықтардың тұжырымдамасы бойынша техникалық ұсыныстар әзірленді.

Компанияның еңбек  қауіпсіздігі  және еңбекті  қорғау  саласындағы  жетістіктері  туралы  анықтама

«ЕГРЭС-2 ст.»АҚ  19.02.2021 жылғы №44 126 117645 сертификатқа негізделген  ISO 45001: 2018 «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджмент жүйесі» стандартына сәйкес келеді.

2021 жылдың 31 желтоқсанында  «ЕГРЭС-2 ст.»АҚ –да SKE.01.01.P «Кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасын іске асыру аяқталды.

«Кешенді  қауіпсіздікті  басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасы мыналарды  қарастырады: қызметкерлердің санасы мен менталитетін өзгерту; Өндірістегі қауіпсіздік ережелерін сақтау; Қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы туралы басшылыққа хабарлау; Еңбекті  қорғау   мәселелерін  басқару  бойынша  тәуекел-бағдарлауға  негізделген  тәсіл.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері:

  1.  Қауіпсіздік мәдениетін жақсарту / Еңбекті қорғау мәселелеріне қызметкерлердің қатысуы (хабарламалар / үндеу саны (ықтимал қауіпті оқиғалар туралы, қауіпті / қауіпсіз мінез -құлық туралы) – тоқсанына кемінде 10 хабарлама / қоңырау.
  2. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін 3 жыл ішінде жарақаттану деңгейін 30% -ға төмендету.
  3. Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін бағалауды жетілдіру.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 3-тоқсанынан бастап «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ-да

бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану арқылы  « Самұрық-Энерго »АҚ компаниялар тобына кіретін өндірістік объектілердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз өндіріс» SKE.01.02 P жобасы іске асырылуда. Жоба қауіпсіздіктің жағдайын бағалау үшін өндірістік объектілердегі деректерді жинауды, өңдеуді және талдауды қамтиды.

Бұл жобаны іске асырудың оң аспектілері:

      1. Барлық қызметкерлерден тіршілікті қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселелері бойынша сұраныстарды тәулік бойы қабылдау

      2. Шұғыл  және көмекші қызметтердің тиімді жұмыс істеуі үшін бірыңғай техникалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

      3. Кәсіпорынның жүйелік мәселелерін талдау, анықтау және оларды шешудің негізгі себептерін іздеу

      4. Өндірістік қауіпсіздік  жүйесін   басқарудың  әлемдегі ең жақсы әдістемелерін бейімдеу

      5. Өндірістік қауіпсіздік бойынша бұзушылықтардың сапасын бақылау және уақытында жою

      6. Автоматты есеп беру.

COVID-19 жағдайы  және «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ  қабылдаған  шаралар

Бүгінгі таңда   Қоғамда    КВИ  алдын алу шеңберінде келесілер жүргізіледі:

– байланыссыз термометрия;

– Қоғамның өндірістік ғимараттарын дезинфекциялауды  кесте  бойынша Қоғамның  медициналық қызметкерлерінің көмегімен оқытылған дезинфекциялаушылар жүргізеді;

– ЕПҚ медициналық персоналымен  КВИ  бойынша  қатер  тобынан созылмалы аурулары бар адамдарды диспансерлік тексеру және емдеу жүргізіледі;

– оңалту емі  ЕПҚ  жағдайында   КВИ өткен адамдарға жүргізіледі;

– зарарсыздандыру  құралдарын,  зарарсыздандырушы    құралдарды, медициналық маскаларды, бактерицидтік шамдарды сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде;

– зарарсыздандырушы  құралдар  қоры   бар;

– КВИ  алдын алу бойынша радио лекциялар күніне 3 рет өткізіледі.

        Келесі  іс-шаралар көрсетілген , 06.11.2020 жылғы  №1338 бұйрығы шығарылды:

  • 1) жұмыскерлер  арасында COVID-19 коронавирус  инфекциясын  (бұдан әрі- COVID-19) алдын алу бойынша ақпараттық жұмысты күшейту. Ресми көздерден тек COVID-19 туралы расталған ақпаратты тарату;
  • 2) қызметкерлерді қорғаныс маскаларын үнемі қолдануға және қолдарын үнемі антисептикпен өңдеуге міндеттеу;
  • 3) автокөлік  салонындағы   қызметкерлер жұмысқа бару және қайту кезінде тек қорғаныс маскаларында болуға;
  • 4) тыныс жолдарының аурулары белгілері бар жұмыскерлерге  ЕПҚ  жазбаша рұқсатынсыз жұмыс істеуге рұқсат бермеу, оларға дереу медициналық көмекке  ЕПҚ –не  немесе медициналық ұйымға  жүгінуді ұсыну;
  • 5) жұмыскерлерге   шетелдік сапарлардан бас тартуды ұсыну;
  • 6) мәдени іс -шараларды болдырмау;
  • 7) санитарлық -профилактикалық шараларды күшейту;
  • 8) техникалық  оқуды  болдырмау;
  • 9) бетпе-бет кездесу  мәжілістерін  болдырмау;
  • 10) кәсіпорында 10 күннен артық болмаған  жұмыскерлерді,  ЕПҚ  келісімі бойынша жұмысқа жіберу;
  • 11) қорғаныс маскаларын үнемі қолдануды және олардың құрылымдық бөлімшелерінің персоналының, сондай -ақ өздеріне сеніп тапсырылған аумақтарда жұмыс жасайтын мердігерлердің антисептикалық заттарды қолдануын бақылау;
  • 12) қызметкерлерді бұйрықпен таныстыру.
  • 13) ОБҚ  және ҚТЦ  БК ББҚ   рұқсат етілмеген адамдардың болуына тыйым салу.
  • 14) Қазақстан Республикасының басқа аймақтарында болғаннан кейін станция қызметкерлерін міндеттеуге:      
  •          1. 72 сағаттан артық, КВИ тестінің нәтижелерін беру (ПЦР талдауын тапсыру мерзімі тапсыру кезінде 72 сағаттан аспайды);
  •          2. 72 сағаттан  аз,  ЕПҚ  термометриялық бақылаудан өтеді және ЕПҚ мед. қызметкерлерімен бақыланады.

2021 жылдың 29 наурызынан бастап «ЕГРЭС -2 ст.» АҚ персоналды COVID-19-ға  қарсы екпе алу  жүргізілуде.

Бүгінгі күні  Қоғамның  1486 қызметкерінің ішінде 1371 (94%) адам вакцина алды, оның 985 адам толық курсты аяқтады. Вакцинация келесі вакцинамен жүргізілді:  Спутник  V, HAYAT-VAX, QazVac. Денсаулыққа байланысты қарсы көрсеткіштер 20 адамды құрайды.

Жұмыскерлер   Солнечный  п.  емханасында  жұмыс уақытында  вакцинаны  алуды  сол жаққа  және  қайта  ұйымдасқан  түрде   жеткізу  мүмкіндігіне ие.

Вакцинацияланған жұмыскерлердің  санын көбейту мақсатында вакцинациялау компаниясын жандандыру үшін Іс -шаралар жоспары әзірленді. Барлық іс -шаралар жүзеге асырылады, атап айтқанда:

  • 1) вакцинацияланған жұмыскерлер туралы ақпарат «COVID-19 статистикасы» «Қауіпсіз өндіріс» SKE.01.02.P жобасының ASPANS платформасына негізделген ақпараттық жүйе модуліне енгізіледі;
  • 2) қызметкерлерді бұқаралық ақпарат құралдарынан COVID-19 қарсы  вакциналары, Қазақстан Республикасында және шетелде вакцинациялаудың қазіргі жағдайы туралы ресми ақпаратпен қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттық жұмыстар жүргізілуде;
  • 3) дәрістерді «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінде ЕПҚ медициналық қызметкерлері өткізеді;
  • 4) көрнекі материалдар брошюралар, плакаттар және т.б түрінде жіберіледі;
  • 5) вакцинацияланған жұмыскерлер мен басшылардың  ескертулерімен вакцинациялаудың қажеттілігі мен маңыздылығы туралы мотивациялық бейне түсірілді;
  • 6) КВИ  алдын алу және вакцинация қажеттілігі туралы радио лекция күніне 3 рет өткізіледі;
  • 7) жоғарыда көрсетілген мәселе бойынша көшбасшылық және жеке үлгі көрсету үшін  Қоғамның  жоғары басшылығы вакцина алды (Басқарма төрағасы, Басқарма төрағасының орынбасарлары, Бас инженерлер);
  • 8) қызметкерлерге вакцинаны алғаннан кейін денсаулық жағдайына байланысты қызметкердің өтініші бойынша бір ақылы демалыс күні беріледі.

Тұрақты даму

 


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою