Кәсіпорын тарихы

Әрқайсы 500МВт тұратын 8 блокты, қуаттылығы 4 миллион киловатт
станция жобасы, Новосібір «Жылуэлектржобасы» институтының ұжымымен әзірленді.
Станция құрылысы 1979 жылы басталды. ГРЭС-2 іргетасы негізінің ашылу салтанатында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.Ә.Назарбаев және КСРО энергетика министрі П.С. Непорожний қатысты.

Бірінші энергоблок 1990 жылғы 25 желтоқсанда іске қосылды.
Екінші энергоблок 1993 жылғы 31 желтоқсанда қосылды.

1993ж.22 желтоқсанында екінші энергоблокты іске қосу салтанатты рәсімінде Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты, елбасы басқару пультінің кілтін бұра отыра, энергоблоктың желіге бірінші қосылуына команда берді.

08.09.2000 Үкіметаралық қазақстандық –ресейлік келіссөздерде ЕГРЭС-2 негізінде БК құру туралы шешім қабылданды.

21.09.2000 «ЕГРЭС-2 станциясы» ЖАҚ әділет басқармасында №8454-1945-АҚ тіркелді.

24.12.2001 « ЕГРЭС-2 ст. негізінде қазақстан –ресей кәсіпорынын құрудың кейбір мәселелері туралы » №1675 ҚР Үкіметі қаулысы қабылданды.

 

 

11.10.2002 «ЕГРЭС-2 станциясы» ЖАҚ акциялардың екінші
эмиссиясы тіркелді.

24.01 – 28.01.2003 / «ЭЭЦ» ЖАҚ 12,1 млрд.теңге сомаға мүлігін бере отыра, «ЕГРЭС-2 станциясы»ЖАҚ акцияларының екінші эмиссиясын төлейді.

31.01.2003 Жылжымайтынмүлік орталығы «ЕГРЭС-2 станциясы» ЖАҚ акцияларын төлеуге «ЭЭЦ» ЖАҚ мүлігін беру бойынша мәмілені тіркейді.

25.05.2003 Ресейдің «ЕЭС» РАҚ Директорлар кеңесі « ЕГРЭС-2 станциясы» ЖАҚ 50% акциялар пакетін сатып алу туралы шешім қабылдайды.

2004 жыл. «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» ЖАҚ 50% акцияларын төлеу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою