Қоршаған ортаны қорғау

Біздің ұстаным

АО «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ тұрақты даму қағидаттарына берік ең ірі көп бейінді энергетикалық объект ретінде өзі қызмет атақаратын өңірлерде экологиялық жағдайдың маңыздылығын және өзінің еншілес ұйымдарының өндірістік қызметінің қоршаған ортаға жағымсыз әсері үшін келешек ұрпақ алдында жауапкершілігін сезінеді.

Қоғам  қолданыстағы заңнаманы,  тұрақты  даму тұжырымдамасын, сондай-ақ озық әлемдік тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, өзі үшін экологиялық саясатты анықтады. «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ -ның Екібастұз ГРЭС-2 станциясы “АҚ Корпоративтік менеджмент жүйесінің сапалы басқару, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, энергия тиімділігі, ақпараттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясаты.», мәлімделген мақсаттар мен міндеттер «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ Ұзақ мерзімді даму стратегиясында ескерілді.

«ЕГРЭС-2 ст.» АҚ Стратегиясына және Экологиялық саясатына сәйкес табиғатты қорғау саласында дамудың төмендегідей басым бағыттары белгіленді:

  • – көзделетін кез келген шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау;
  • – жаңа технологияларды ендіру және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жолымен өндірістік қызметтің қоршаған табиғи орта мен климатқа тигізетін әсерін кезең-кезеңімен азайту, экологиялық менеджменттің халықаралық нормаларын ендіру;
  • – экологиялық ақпараттың ашық және қол жетімді болуы, барлық мүдделі тараптарға орын алған авариялар, олардың экологиялық салдарлары мен оларды жою шаралары туралы дереу хабарлау;
  • – персоналды экологиялық түсінушілік және хабардар болуы бағдарламасына оқыту;
  • – жоғары экологиялық тәуекелдерді сақтандыру;
  • – қалдықтарды және химиялық заттарды басқару бағдарламасын әзірлеу;
  • – экологиялық таза және энергетикалық тиімді технологияларды пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ энергетика объекітлерінің экологияға және климаттың өзгеруіне әсері бойынша зерттеулерге жәрдемдесу.

Көп жылғы жұмыс ішінде Қоғамда қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты көзқарас қалыптасты. Өндірістік процестердің тиімділігін экологиялық бағалау қоршаған ортаға эмиссиялардың, зиянды өндірістік факторлардың, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге ресурстарды тұтынудың нақты көлемінің өзгерістер мен есептеулері негізінде өндірістік экологиялық бақылау аясында жүзеге асырылады. 

Қоршаған ортаға өндірістік мониторинг техникалық реттеу саласында ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген тәуелсіз лабораторияларды тарту жолымен жүргізіледі.

Өндірістік мониторингтің объектілері атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, топырақ болып табылады.

Экологиялық көрсеткіштер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты Компания қызметінің қорытындылары туралы біріктірілген жылдық есептерден білуге болады.

Экологиялық аспектіні басқару үшін  Қоғамда экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) құрылды, ол корпоративтік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі және қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.

«ЕГРЭС-2 ст.» АҚ-да ЭМЖ тәуелсіз халықаралық консультанттарды тарта отырып озық әлемдік тәжірибелерге сәйкес үнемі бағалауға ұшырайды және бірте-бірте жетілдіріледі.

Компания  ISO 14001 «Экологиялық  менеджмент» стандартын енгізді.

2020 жылы  «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ  қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын жалпы шығындар   шамамен  197 086 мың теңгені құрады, ал жоспар 184 438 мың теңге.

2020 жылы  экологиялық  залал  келтіретін  апаттық  жағдайлар  тіркелген  жоқ.

Төмен көміртекті даму

Әлемдік қоғамдастық атмосферада парниктік газдар шоғырлануының өсуінен туындаған климаттың өзгеруін негізгі жаһандық қауіптердің бірі деп танып отыр. Экономиканы декорбондаудың тиімді стратегиясын әзірлеу мәселелері жлпы Қазақстан Республикасы үшін де, оның ішінде «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ үшін де жүйелі міндет болып табылады.

Компания парниктік газдар шығарындыларын ұлттық квоталау жүйесінің қатысушы болып табылады, энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу жөніндегі шараларды орындайды, ПГ эмиссиясын қысқартуға бағытталған қазіргі заманғы технологияларды ендіреді.

ҚР  Экологиялық кодексінің талаптарын орындау  барысында,  табиғи  ортада  күл мен  қож  қалдықтарын орналастыру  көлемін  азайту және  күл мен қож қалдықтарын  тасымалдауға су шығынын  азайту үшін  2016 жылы  «Екібастұз  ГРЭС-2 станциясы»АҚ –да  №1, №2 ст. энергоблоктардың электр сүзгілерінің астынан құрғақ күлді жинау жүйесі  енгізілді. Құрғақ  күл  станцияның  электр  сүзгілеріндегі  түтін  газдарын тазалау  процесінде  пайда  болады. Электр сүзгілер  бункерлерінен құрғақ күйінде алынған күл ГРЭС-2 аумағында орналасқан құрғақ күл қоймасына түседі. Құрғақ күл қоймасы әрқайсысының көлемі 1000 м3 болатын екі сақтау және жөнелту силосынан тұрады. Қоймадан құрғақ күлді жөнелту Сатып алушының автокөліктеріне (цемент таситын автокөліктерге) жүзеге асырылады.

 

 

Құрғақ күл шығару жүйесінің жобалық  өнімділігі: бір энергоблокта қондырғының номиналды жұмыс режимінде сағатына 60 тонна. Екі энергоблок үшін күл шығарудың  есептік  көлемі сағатына 120 тонна немесе жылына 1 051 мың тонна. Құрғақ ұшпа күл  құрылыс материалдарын (автоклавты  қатаю  бетоны,  газ блоктары және т.б.) өндіру кезінде  пайдалану үшін кәсіпорындарға сатылады.

Барлығы   2020 жылы  10 086 324 тонна  құрғақ  күл  сатылды.

Солнечный поселкесінің тұрғын алабына зиянды әсерді азайту мақсатында «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ  жыл сайын санитарлық қорғау аймағында  2000 дана жасыл көшеттерді  отырғызады, сонымен  қатар жасыл көшеттерді  сақтау  үшін   жыл сайын   күту жұмыстары  жүргізіледі.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ күл үйіндісінде күлді жағажайлардың шаңдануын болдырмау үшін жыл сайын техникалық мелиорация әдісімен шаңды басу бойынша шаралар жүргізіледі. Күлді жағажайлардың шаңын басу шаңды беттерге потенциалды құнарлы қабатты қолдану арқылы 32 гектар аумақта жүргізіледі.

 

 

 

 

Ынтымақтастық

«ЕГРЭС-2 ст.» АҚ  жаңа  технологияларға  ерекше назар аударады:

Ұлттық және халықаралық жобаларға / бастамаларға / қауымдастықтарға қатысу

1) Компания «Қазақстан  электр энергетикалық  қауымдастығы» ЗТБ мүшесі болып табылады.

2) Компания  «Атамекен» КҰП  мүшесі болып табылады.

 


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою