Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің бастығы

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша немесе электр энергетикасы саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және энергетика саласында немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында инженерлік лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Жұмыс бағыты: өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, оңалту, емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру; өндірістік учаскелерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бөлігінде нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру; Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын жүзеге асыру.

Түйіндеме мен дипломның  көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: MBaytemirov@gres2.kz және 8(7187) 227510(ішкі.353) телефоны  бойынша  хабарласу.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою