Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялау бастамасын қолдау мақсатында өткен «Самұрық-Энерго» АҚ жұмысшы жастардың форумына Екібастұз ГРЭС-2 станциясының жас жұмысшылары қатысты.

Форумның мақсаты — жастар арасында жұмысшы мамандықтары мен техникалық мамандықтарды насихаттау, сондай-ақ тәжірибе, білім алмасуға, кәсіби дамуды арттыруға бағытталған жас мамандар қауымдастығын нығайту.

Астанада өткен ауқымды форумға 100-ден аса жас жұмысшы мамандар қатысты.

Форумның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген “Самұрық-Энерго” АҚ Басқарма Төрағасы аппаратының басшысы Ерген Шалин бұл шара тек кәсіби даму алаңы ғана емес, жаңа идеялар мен үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын бірегей платформа екенін атап өтті.

Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою