Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қаржылық бухгалтерлік жұмыс саласында кемінде соңғы 5 жыл жұмыс өтілі.
Жұмыс бағыты:
салықтық есепке алуды ұйымдастыруды және айлық, тоқсандық, жылдық салықтық және статистикалық есептілікті жасауды жүзеге асыру және оны салық және статистикалық органдарға ұсыну, бухгалтерлік есеп шоттарында есептелген салықтар мен төлемдерді көрсету, бухгалтерлік есепте салық салуға байланысты операциялардың дұрыс көрсетілуіне ішкі бақылауды жүзеге асыру, салық органдарының тексерулерін жүргізуге қатысу, Қоғамның салықтық бюджетін әзірлеуге қатысу.
Түйіндеме мен дипломның мен көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күнінен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: GAtymtaeva@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі 377), 87719374 337 байланыс телефоны арқылы хабарласу.