Екібастұз ГРЭС—2 станциясына жұмыс сапарымен Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин келіп, көгалдандыру жұмыстарымен және 2025-2026 жылдардағы күзгі—қысқы кезеңге дайындық барысымен танысты. Энергетиктермен әңгімелесу барысында әкім жылыту маусымына дайындықтың барлық кезеңдерін қатаң бақылау қажеттігін атап өтті.