Павлодарда «Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Үш номинация бойынша жеңімпаздар мапатталды. Шара еңбек күніне орайластырылды.
28 қыркүйек күні еліміз жыл сайын еңбек күнін атап өтеді. Осы күнге орай нақты еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарының бірі Екібастұз ГРЭС-2 станциясының қызметкері Жексен Ажманов. Ол ұзақ жылдар бойы станциямызда жастарды үйретіп жұмыс істеп келеді. Көптеген жастарды тәрбиелеп жүрген Павлодар облысының үздік тәлімгері атанды.
Жеңімпаздар желтоқсан айында өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.