ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚПЕН!

Адамдар – біздің басты құндылығымыз. Қамқорлық, көңіл бөлу және құрмет – командамыздың және дамуымыздың негізі.

 

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ басшылығы өз қызметкерлеріне көңіл бөліп, қолдау көрсету мақсатында төмендегі қызметтерді енгізгенін хабарлаймыз:

Асханада тамақтануға дотация. «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ басшылығы қызметкерлерге асханада (буфеттен басқа) тамақтануға жұмсалған қаражаттың 50% мөлшерінде дотация береді (салық ұсталғанға дейін). Дотация бір қызметкерге айына есептеледі және 2026 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейінгі кезеңге қолданылады.

Демалыс күндеріне тегін жолдама. Әсем табиғат аясындағы «Алтын Құмдар» демалыс аймағына (Баянауыл) демалыс күндеріне тегін жолдама. Көлік (автобус) орындар толық болған жағдайда қамтамасыз етіледі. Бару күндері мен тіркелу бойынша ақпарат алу үшін профкомға хабарласу қажет: 4-94, 4-41.

– «Angel» фитнес-клубындағы жаттығулар ГРЭС-2 қызметкерлері үшін 2026 жылдың соңына дейін ұйымдастырылған. Өтетін орны: Екібастұз қ., М. Әуезов көш., 55.

Шарттары:

• айына 10 тегін жаттығу (1 жаттығу – 2 сағат);

• жұмыс күндері: 8:00–22:00;

• демалыс күндері: 9:00–22:00.

Қажетті талаптар:

• өзімен бірге өту рұқсаты (пропуск) болуы;

• алдын ала 3-56 телефоны арқылы жазылу.

 

Бассейн

Жұмыс уақыты:

Күн сайын 8:00–21:00, дүйсенбіден басқа (санитарлық күн)

Топтар кестесі:

1-топ: 8:00–10:00

2-топ: 10:30–11:30

3-топ: 14:00–15:00

4-топ: 15:30–16:30

5-топ: 17:00–18:00

6-топ: 18:30–19:30

7-топ: 20:00–21:00

Тренажер залы мен бассейн қызметтері станция қызметкерлері мен зейнеткерлері үшін аптасына 3 рет тегін.

Сауна қызметі (1 сағат, 10 адамға дейін):

• 20:00-ге дейін – 3000 тг

• 20:00-ден кейін – 5800 тг

Бассейнге кіру үшін қажет:

• медициналық анықтама (құрт жұмыртқасына);

• жеке гигиена құралдары;

• ауыстыратын аяқ киім;

• жүзу қалпағы.

Барлық сұрақтар бойынша: 5-83.

 

Емдеу-алдын алу пунктінің қызметтері:

1. Массаж креслосы

2. «Кегель креслосы» аппараты (уролог немесе гинеколог жолдамасымен)

Көрсетілімдер: геморрой (бастапқы саты), жыныс ағзаларының төмендеуі, зәр ұстамау, эректильді дисфункция, простатит, созылмалы жамбас ауыру синдромы, интимдік дискомфорт, либидо төмендеуі, интимдік және урологиялық операциялардан кейінгі оңалту

3. УДЗ тексерулері

4. Процедуралық кабинет

5. ФГДС (фиброгастродуоденоскопия)

6. Спелеотерапия («Сильвин» тұзды микроклиматтық палатасы – тыныс алу ауруларының, астманың, аллергияның, тері ауруларының, созылмалы шаршау мен стресстің алдын алу)

7. Массаж кабинеті

(Екібастұз қ., Абай көш., 76, «Самал» қонақ үйі, 1-қабат, Власов Сергей Николаевич, тел.: 8 701 417 97 96)

8. Стоматология кабинеті

(Екібастұз қ., Б. Момышұлы көш., 121–1А, Дүйсенов Мұрат Амантаевич, тел.: 8 702 180 90 23)

9. Тар бейінді мамандар қабылдауы

(терапевт, невропатолог, окулист, ЛОР-дәрігер, гинеколог, хирург)

Барлық сұрақтар бойынша: 2-18.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою