Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыс бағыты:
үй-жайларды жөндеу бойынша өндірістік тапсырмалардың белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету; құрылыс нормалары мен ережелерін сақтай отырып, барлық сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету; барлық орындалған жұмыстардың есебін жүргізу; техникалық құжаттаманы ресімдеу.
Түйіндеме мен Дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: RNurtaev@gres2.kz «Samruk Qyzmet» бірыңғай онлайн рекрутинг платформасына (www.qsamruk.kz) және 8 (7187) 227510 (ішкі 554) телефоны бойынша хабарласу.