Екібастұз ГРЭС-2 станциясының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

2025 жылғы 19 желтоқсан — Энергетиктер күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов сала қызметкерлерімен кездесу өткізіп, оларды кәсіби мерекемен құттықтады. Салтанатты жиын барысында министр Мемлекет басшысының атынан бірқатар қызметкерлерге мемлекеттік наградалар табыстады.

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен өндірістік қызметтегі еңбегі үшін пайдалану жөніндегі бас инженер Булумбаев Булат «Құрмет» орденімен марапатталды.

Ал орталықтандырылған жөндеу цехының аға шебері Москалев Владимир «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов барлық қызметкерлерге мамандыққа адалдығы, төзімділігі және жанқияр еңбегі үшін алғыс айтты, сондай-ақ ардагерлерге сала дамуына қосқан үлестері үшін ерекше ризашылығын білдірді.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою