Бүгін Екібастұз ГРЭС-2 станциясында ерекше әрі мазмұнды іс-шара өтті. Кәсіпорынның кәсіподақ комитетімен бірлесіп ұйымдастыруымен ГРЭС-2 Әйелдер энергетикалық клубының мүшелері «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатымен кездесті.
Басқосу бейресми форматта ұйымдастырылып, өзара танысуға, пікір алмасуға, қолдау көрсетуге және ашық әңгімеге арналды.
– Әйелдер клубы — бұл кәсіпорындағы әйелдер үшін жайлы, қызықты әрі пайдалы орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Мұнда әрбір жан өзін еркін сезініп, тәжірибесімен бөлісіп, пайдалы ақпарат тыңдап, шабыт ала алады, — деп атап өтті іс-шараның модераторы, кездесудің бастамашысы Марал Ерғазина.
Іс-шараның маңызын арттырған құрметті қонақтар:
🔹 Абдраманова Света Сағындыққызы — «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы Әйелдер қанатының төрайымы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты;
🔹 Маликова Мариям Дәулетбекқызы — «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты;
🔹 Сиваракша Далида Маратқызы — академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты;
🔹 Тлеуберлина Жанат Боранбайқызы — «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС экономика жөніндегі директордың орынбасары, «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі.
ГРЭС-2 Әйелдер энергетикалық клубының төрайымы Гүлшат Машимбаева клубтың атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Ал «AMANAT» партиясының өкілдері энергетик-әйелдердің бастамаларын қолдап, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.
Барлық қатысушыларға белсенділігі, ашықтығы және жылы атмосфера үшін алғыс білдіреміз.
✨ Бұл — клуб жұмысының 2026 жылдағы бастамасы ғана. Алда жаңа кездесулер, тың идеялар мен ортақ жобалар күтіп тұр!