Екібастұз ГРЭС-2 станциясы Еңбек қауіпсіздігі бойынша корпоративтік көрсеткіштерді бағалау қорытындысы негізінде көшбасшы деп танылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да «Safe Way – Қауіпсіздікке апарар жол» атты өндірістік қауіпсіздік форумы өтті.

Форумға «Екібастұз ГРЭС-2 сатанциясы» АҚ басшылығы мен еңбекті қорғау қызметінің өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында 2025 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік саласындағы қызмет қорытындылары шығарылып, тәуекелдерді басқарудың өзекті мәселелері және алдын алу жұмысының тиімділігін арттыру шаралары қарастырылды.

Форум барысында еңбекті қорғау саласында үздік нәтижелер көрсеткен еншілес ұйымдардың қызметкерлері марапатталды. Еңбек қауіпсіздігі бойынша корпоративтік көрсеткіштерді бағалау қорытындысы бойынша еншілес және тәуелді ұйымдар арасында Екібастұз ГРЭС-2 станциясы көшбасшы деп танылды.

Сонымен қатар, Мартыненко Дмитрий – Электр цехының электротехникалық зертханасының бастығы, өндірістік қауіпсіздік саласында үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін Конкурс жеңімпазы болып танылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясатты жүйелі түрде жүзеге асырып келеді, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдық болып табылады.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою