Халықаралық әйелдер күні қарсаңында станцияда ерекше салтанатты шара ұйымдастырылды. Әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының бірлесуімен өткен мерекелік басқосуда өндірісте 30 жыл және одан да көп уақыт еңбек еткен әйелдер қауымына алғыс білдіріліп, лайықты құрмет көрсетілді.
Кеш барысында станция жастары мен өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Әсем ән мен жылы лебізге толы шара қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Сондай-ақ мерекелік фуршет ұйымдастырылып, түрлі қызықты сәттер кештің сәнін арттыра түсті.
Көп жылғы адал еңбегімен ұжымның дамуына үлес қосып келе жатқан нәзік жандыларға алғыс білдіреміз!