Осы игі бастама шеңберінде Екібастұз ГРЭС-2 станциясының қызметкерлері Солнечный кентінде сенбілік ұйымдастырып, аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді. Ұжым бірлесе еңбек етіп қана қоймай, өзара ауызбіршілік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы. Энергетиктер қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне атсалысты.