Аталған іс-шара Екібастұз ГРЭС-2 станциясы, кәсіподақ ұйымы және Солнечный кентіндегі №28 орта мектептің бірлесуімен ұйымдастырылды. Байқау қатысушылардың ерлігі мен күш-қайратын, төзімділігі мен ұйымшылдығын айқындай отырып, еңбек ұжымындағы ер азаматтардың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық рух пен жеңіске деген жігерін танытты. Сайыс барысында патриоттық рух, өзара қолдау және шынайы бәсекелестік айқын сезілді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
1 орын — ЦТАИ
2 орын — ХЦ
3 орын — ЭЦ
Сонымен қатар ЦПП, КТЦ және РСЦ командалары белсенді қатысқаны үшін дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Батырлар алаңы» байқауын өткізу алдағы уақытта дәстүрге айналып, ер азаматтарды қолдау, ұжым бірлігін нығайту және патриоттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қоса береді.