Екібастұз қаласында «Екібастұз – еңбек пен бірліктің символы, жаңғырған басқарудың бастауы» атты семинар-кеңес өтті.

Екібастұз қаласында өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және мәслихаттар арасындағы тәжірибе алмасуға арналған «Екібастұз – еңбек пен бірліктің символы, жаңғырған басқарудың бастауы» атты семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға еліміздің 11 өңірінен келген қалалық мәслихаттардың төрағалары мен депутаттары қатысты.

Семинар барысында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, мәслихаттардың қызметін жетілдіру және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушыларға Екібастұз қаласының өндірістік әлеуеті мен әлеуметтік-экономикалық даму тәжірибесі таныстырылды.

Семинар аясында делегация мүшелері Екібастұз ГРЭС-1 электр станциясына барып, кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысты. Қонақтарға Екібастұз ГРЭС-2 станцияның жұмысы, өндірістік қуаты, заманауи технологиялары және даму перспективалары туралы Басқарма төрағасының өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Арыстанбек Шарыпов жан-жақты ақпарат берді.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою