«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасы Топ компанияларының қызметкерлерін біріктірді

Астанада Қордың 20 жылдығына орайластырылған «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ауқымды спорттық іс-шараға Қазақстанның әр өңірінен 1400-ден астам қызметкер қатысты. Олардың едәуір бөлігін өндірістік мамандық иелері құрайды. Спартакиада дәстүрлі түрде командалық рухты нығайтуға, корпоративтік бірлікті арттыруға және спорттық дәстүрлерді дамытуға ықпал ететін маңызды алаңға айналып келеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ атынан армрестлинг бойынша жарысқа «Экибастұзская ГРЭС-2» станциясының жылу автоматикасы және өлшеу цехының инженері Кристина Гринченко қатысуда.

Кристинаға жарыста сәттілік, жоғары спорттық нәтижелер және лайықты жеңіс тілейміз!


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою