Самұрық-Энерго командасы «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасындағы ойындарын сәтті аяқтап, жалпыкомандалық есепте 🥉 III орын иеленді! Қордың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған Спартакиада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының 14 командасын біріктірді.
Спартакиадада Самұрық-Энерго атынан Корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдардың 100-ге жуық қызметкері қатысты. Үш күн бойы спортшыларымыз жеке және командалық сайыстарда жоғары нәтиже үшін күресіп, шеберлік, төзімділік, жеңіске деген жігер мен нағыз командалық рух танытты.
XI Спартакиаданың қорытындысы бойынша Самұрық-Энерго қоржынында — 11 медаль:
5 алтын медаль
2 күміс медаль
4 қола медаль
XI Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Командамызға жарқын өнері, спорттық мінезі, бірлігі мен жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз. Жалпыкомандалық есептегі қола жүлде — Самұрық-Энерго командасының ортақ күш-жігерінің нәтижесі! 💙🏆