Екібастұз ГРЭС-2 станциясы жыл сайын дәстүрлі түрде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысып, балаларға жаңа оқу жылын қуанышпен бастауға қолдау көрсетіп келеді.
Биыл станция қызметкерлерінің қолдауымен Солнечный кентіндегі 20 мектеп оқушысына 3 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. Балаларға мектеп формасы, кеңсе тауарлары және оқу жылына қажетті барлық керек-жарақтар сатып алынды.
Сонымен қатар, қайырымдылық бастамаға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келе жатқан Павлодар қаласындағы «Нұрқай» @nurkay.pavlodar кеңсе тауарлары дүкенінің директоры Нуркаев Қайратбек Калиевичке ерекше алғысымызды білдіреміз. «Нұрқай» дүкені бірнеше жылдан бері «Мектепке жол» акциясы аясында кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге демеушілік көрсетіп келеді. Биыл да дүкен ұжымы 1-сыныпқа баратын балалар үшін 10 жиынтық кеңсе тауарларын сыйға тартты. Бұл оқу құралдары Екібастұз қаласындағы бүлдіршіндерге табысталады.
Осындай игі бастамалар – балаларға жасалған қамқорлықтың, мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі.
Әр баланың мектепке бастар жолы ақ болсын!
Жаңа оқу жылы білімге, қуанышқа және жарқын жетістіктерге толы болсын!