Станцияның бұл бастамасы жастарға сапалы білім алуға мүмкіндік беріп, энергетика саласында кәсіби маман ретінде қалыптасуына жол ашатын маңызды әлеуметтік жобаға айналды.
Байқау комиссиясы үміткерлерді белгіленген критерийлерге сәйкес бағалап, олардың оқу үлгерімін, жетістіктерін және мамандық таңдаудағы мақсат-мүддесін ескерді. Конкурс қорытындысы бойынша алты жеңімпаздың тізімі бекітілді.
Грант иегерлері:
Айтмұхамед Ислам – «Электроэнергетика», НАО «Торайгыров университеті»;
Мұқантай Бахтияр – «Электроэнергетика», НАО «Торайгыров университеті»;
Закерия Нұржан – «Электроэнергетика», НАО «Торайгыров университеті»;
Дыба Иван – «Электроэнергетика», Академик К. И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты;
Асылхан Санжар – «Электроэнергетика», Академик К. И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты;
Серикбаев Даниял – «Электроэнергетика», Академик К. И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты.
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ грант иегерлерін осы маңызды жетістіктерімен құттықтайды!
Білімге инвестиция салу – энергетика саласының болашағына инвестиция салу.
Әрқайсыңызбен мақтанамыз! Еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз бен өздеріңізге деген сенімдеріңіз сіздерді осы жеңіске жеткізді. Алдағы студенттік жылдарыңыз жарқын сәттерге, жаңа білім мен үлкен мүмкіндіктерге толы болсын!
Бүгінгі студент – энергетиканың ертеңгі маманы. Болашақ энергетикасы сіздерден басталады!