Екібастұз ГРЭС-2 өндірістік персоналы “Самұрық-Энерго” АҚ басшылығымен (акционер) және әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының өкілдерімен кездесті. Іс-шара 22 қарашада өтті, онда электр станциясы қызметкерлерінің еңбекақысы мен еңбек жағдайлары, оның ішінде 2022 жылы ЕТЖ-нің алдағы көтерілуі мәселелері талқыланды.
“Жұмыскерлерді әлеуметтік қолдауды және еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін Екібастұз ГРЭС-2-де Ұжымдық шарт қолданылады. Құжат әлеуметтік, еңбек және соған байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін құруға ықпал етеді”, – деп атап өтті кездесуде Басқарма төрағасының өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Ғалымбек Ауталипов.
Жиналыс барысында ЭГРЭС-2 ұжымы көтерген лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі ең өзекті мәселелер мен тілектер қаралды. Акционерлер тұрақты негізде қызметкерлердің әл – ауқатын арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударады, өйткені кәсіпорындардың басты құндылығы-оның қызметкерлері.
Айта кетейік, әлеуметтік өзара іс – қимыл және коммуникация орталығы міндеттерінің бірі – “Самұрық-Қазына” компаниялар тобының кәсіпорындарындағы әлеуметтік тұрақтылық индексін анықтау.