Конкурс «Үздік маман»

Құрметті достар!
Қуанышты хабар!

Жылу автоматикасы және өлшеу цехының шебері – Сейтжанов Темірлан “Үздік маман” байқауының финалисті, “Самұрық-Энерго” АҚ-ның үздік қызметкері болып сайланды.

Байқаудың соңғы кезені – финалистер туралы бейнероликтерге онлайн дауыс беру басталуын хабарлаймыз.

Онлайн дауыс беру http://uzdikmaman.sknews.kz/ сайтында, ағымдағы жылдың 29 қарашасынан 07 желтоқсанға дейінгі кезеңде өтеді.

Онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша “Самұрық-Қазына” АҚ-ның 5 үздік қызметкері айқындалады.

Қоғамның корпоративтік рухын көтеру үшін әріптесіміз Сейтжанов Темірланға дауыс беріп, қолдауға шақырамыз.

Дауыс беру үшін профиль тақырыбында көрсетілген сілтемеге басып, байқау сайтына өте аласыздар.

Сейтжанов Темірланды өз дауысымызбен қолдайық!

Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру ағымдағы жылдың 07 желтоқсанына дейін жалғасады.

Ынтымақтастық үшін баршаңызға алғыс айтамыз! Баршаңызға сәттілік тілейміз!

Сейтжанов Темірлан:
– «Мен таңдаған мамандығым үшін ешқашан өкінген емеспін, ГРЭС-2 менің туған үйімдей болып кетті. Мұнда өзімді жайлы сезінемін: таңертең жұмысқа рахаттанып барамын, ал кешке жұмыс күнінің қалай тез өткеніне таң қаламын. Сүйікті іспен айналысу – үлкен бақыт. Қазіргі уақытта менің бір нәрсені түсінгенім, сол кездегі энергетика саласын құрған Кеңес одағының энергетиктерінің тұтас бір буыны кетіп бара жатқанын және тәуелсіз Қазақстанның энергетикасын дамытуда өз үлесімді қосатын уақыт келгенін түсінемін. Екібастұз ГРЭС-2-нің болашағы – үшінші және төртінші энергоблоктарды орнату. Мұнда мен тәжірибелі басшы ретінде өз үлесімді қосуға дайынмын»


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою