Самұрық-Энерго қазақстандық электр энергетикалық холдингінің Екібастұз ГРЭС-2 станциясы штаттық режимде жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың 11 қаңтарындағы жағдай бойынша «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ жүктемесі 920 МВт болатын 2 блоктық режимде жұмыс істеп тұр. Станцияда лөмір мен мазуттың қажеті резервтері жеткілікті.
Павлодар облысында ТЖ енгізілуіне байланысты «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма төрағасы Сағидолла Д. төрағалығымен жедел штаб құрылды.
Станция нысандарын қорғау режимін күшейтуге, сондай-ақ энергия жабдықтарының сенімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленді.
Өндірістік персоналдың, қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасының, автошаруашылықтың, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау басқармасының, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабының, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары цехының және ақпараттық технологиялар бөлімінің кезекшілік кестелері әзірленді.
Станцияның жұмыс режимі белгіленген жүктемелерге сәйкес жүргізілуде, тұтынушының шектеулері жоқ.