Кәсіпорын қызметкерлері Екібастұз қаласы әкімінің есебін тыңдады

23 ақпанда Екібастұз қаласының әкімі Қаңтарбаев Ардақ Амангелдіұлының Солнечный кентінің тұрғындарымен және “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы”АҚ қызметкерлерімен есептік кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушылар абаттандыру, медицина, қоғамдық көлік, тұрғын үй, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары және т.с.с. мәселелер бойынша белсенді сұрақтар қойды.

Мұндай кездесулер жыл сайын өткізіледі, Екібастұз қаласының және Солнечный кентінің әкімдері халық алдында өткен жыл бойынша есеп береді, сондай-ақ алдағы жоспарлар туралы егжей-тегжейлі баяндайды.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою