Екібастұз ГРЭС-2 станциясы жұмыскерлері қоршаған ортаны сақтау және ұқыпты қарау мақсатында Плоггинг – экологиялық акциясын өткізді.
Іс-шараның басты міндеті аумақты қоқыстан тазарту, экология проблемаларына назар аудару, қызметкерлердің әлеуметтік белсенділігін арттыру болып табылады.
Экологиялық қозғалыс – плоггинг бүкіл әлемде танымал болуда.
Плоггинг екі заманауи тенденцияны біріктіреді: салауатты өмір салты және қоршаған ортаға қамқорлық.
Эко-жүгіру жарысының қатысушылары Қоршаған ортаны сақтауға қосқан қомақты үлесі үшін “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
Қатысқандардың барлығына рахмет! Сіз жылына 365 күн Эко-спортшы бола аласыз!