Кәсіби мереке – энергетик күнімен!

Кәсіби мереке – энергетик күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазіргі заманғы энергетика әлемдік экономикалық прогрестің маңызды қозғаушы күші болып табылады және оның жай-күйіне миллиард адамдардың әл-ауқаты тікелей байланысты. Энергетика саласында ондаған мың маман жұмыс істейді, олар өздерін осы күрделі, бірақ өте қажетті мамандыққа арнаған. Энергетиктердің жұмысы әр-уақытта да құрметті және сыйлы болады, өйткені оның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңыздылығы бағалы.
Бұл мереке күні апатсыз жұмыс, сарқылмайтын өмірлік энергия, зор денсаулық және амандық тілейміз! Сіздердің отбасыларыңызда әрдайым жылу мен жарық болсын, ал кәсіби қызмет лайықты табысқа жетсін!

 


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою