Екібастұз ГРЭС-2 станциясында 30 жылға жуық жұмыс жасап келеді

Жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде Қазақстанда Энергетик күні атап өтіледі. Бұл мереке – жылу және электр энергиясын өндіру, беру және тұтынушыларға өткізуді қамтитын саланың барлық қызметкерлерінің салтанатты күні болып табылады. Жыл сайынғы дәстүріміз бойынша “Голос Экибастуза” қалалық газетінің редакциясымен бірлесіп Екібастұз ГРЭС-2 станциясының еңбек сіңірген қызметкерлерінің кейбіреулері туралы материалдар дайындадық.

Екібастұз ГРЭС-2 станциясында 30 жылға жуық жұмыс жасап келеді

30 жылға жуық “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-да қазантурбиналық цехтың жылу желілеріне қызмет көрсету жөніндегі слесарь Қайратбек Оразханұлы Қынырбеков жұмыс істейді.
Ол 1970 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Екпін ауылында дүниеге келген. Әкесі жүргізуші, анасы киномеханик болып жұмыс істеген. Отбасында бес бала болды, біздің кейіпкеріміз ең кенжесі. Мектеп жылдарында ол тарихқа қызығушылық танытты. 1987 жылы өз ауылында он сыныпты (“онжылдық” деп аталатын) бітіріп, жетілу аттестатын алды және бірден Ақсуат ауданындағы орта кәсіптік техникалық училищеге (ОКТУ) түсіп, жүргізуші мамандығын игерді. Содан кейін әскер қатарында болды. Ол 1988 жылдан 1990 жылға дейін Қиыр Шығыста – Ресейдің Хабаровск өлкесінің Комсомольск-Амур қаласында шұғыл әскери қызмет атқарды. Үйге оралып, ОКТУ-да алған мамандығы бойынша-жүргізуші болып өз ауылында жұмыс істеді. 1991 жылдың соңында, өздеріңіз білетіндей, Кеңес одағы ыдырады-елде әлеуметтік-экономикалық проблемалар күшейе түсті, жұмыссыздық жаппай сипатқа ие бола бастады. Сол жылдары оның ағасы мен әпкесі Екібастұз ГРЭС-2-де жұмыс істеді. Олар Қайратбек Оразханұлын осында шақырды. Ол 1993 жылы Солнечный кентіне көшіп келді. Бір жыл станциядағы құрылыс алаңында жұмыс істеп, кейіннен тұрақты жұмысына айналады. Біздің кейіпкеріміз екінші энергоблоктың құрылысына тікелей қатысқан болатын. ГРЭС-2-ге ол 1994 жылы жұмысқа орналасты.

-Сол кезде мені жылу желілері цехының бастығы Виктор Анатольевич Гармонов және цех бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Дәулетбаев Дәурен Төреханұлы жұмысқа қабылдады, – деп еске алады Қайратбек Оразханұлы. – Алғаш жұмыс істеген жылдары көмек, бағыт-бағдар беріп, үйреткен басшыларыма алғысым шексіз.
Алдымен Қайратбек Оразханұлы ЖЖЦ-да, содан кейін кәсіпорынның басқа құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді. Қазантурбиналық цехта 2006 жылдан бері – күн – түн – 48 кестесі бойынша кезекші слесарь болып жұмыс істеп келеді. Цех бастығы – Валерий Иванович Гайдук.
Қайратбек Кынырбековтің жұбайы да ГРЭС-2 – де жұмыс істейді. Одан басқа үлкен ағасы және оның ұлы (інісі) де осында жұмыс істейді.
Тәжірибелі энергетик әйелімен бірге екі бала тәрбиеледі. Үлкен ұлы 25 жаста, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясында еңбек етеді, қызы – студент, Павлодарда оқиды.
Келесі жылы біздің кейіпкеріміз энергетиктер кенті Солнечныйда тұрғанына 30 жыл болады.
2012 жылы ол “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Биыл оның фотосуреті кәсіпорынның Құрмет тақтасына қойылғанын, Қайратбек Қынырбеков мақтан тұтады.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою