Ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында Екібастұз ГРЭС-2 станциясында еңбек ұжымының жиналыстары өтті.
Жиналыстарға барлық құрылымдық бөлімшелер, вахталық және күндізгі қызметкерлер, сондай-ақ ЕГРЭС-2 кәсіподақ комитеті қатысты.
Станция басшылығы 2022 жылдың негізгі қорытындылары және 2023 жылға арналған міндеттер туралы баяндама жасады, содан кейін сұрақ-жауап режимінде пікір алмасу өтті.