Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Екібастұз ГРЭС-2 Жастар белсенділері таңертеңнен бастап станцияның кіреберіс бақылау пунктінде ханымдарымызды қарсы алып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Әр аруға құттықтау хаттары табысталып, жылы лебіздер, тілектер айтылды.
Сонымен қатар, мерекелік атмосфераны үлкен қуыршақтар мен әндер толықтырды.
Жұмыс орындарына бара жатқан арулар: “Бізді мерекемен дәл осылай ерекше құттықтағандары өте қатты ұнады. Көңіл-күй бірден 100 пайызға жақсарды! Осы тосын сый үшін жастарымызға рахмет”, – деп әсерлерімен бөлісті.
Бүгінгі таңда Екібастұз ГРЭС-2 станциясында бес жүзден астам әйел – түрлі мамандықтардың өкілдері жұмыс істейді. Жастарымыздың бұл құттықтауы мерекелік атмосфера сыйлаумен қатар ұжымды біріктірудің тамаша мүмкіндігі екеніне сенімдіміз.