Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Екібастұз ГРЭС-2 Жастар белсенділері таңертеңнен бастап қызметкерлерді қазақтың ұлттық тағамдары – наурыз көже мен көмпиіп піскен бауырсақтан дәм татып қарсы алды.
Үлкендеріміздің ақ тілектері, сал-серілердің думан шеруі энергетиктерді қуаныш кемесінде тербелтеді.
Жұмыс орындарына бара жатқандар Әз Наурыз табиғаттың жаңаруы, күн мен түннің теңелуі, жылдың басы ғана емес, бір кеменің үстіндегі секілді бір жердің суын ішіп, ауасын жұтып, бір Отанның тілегін тілеп отырған барша қазақстандықтарды жұмған жұдырықтай біріктіретін қасиетті күн екенін сезініп, көтеріңкі көңіл-күймен бөлісті.