Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Солнечный кентінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Абай атындағы алаңда ГРЭС-2 және Солнечный кентінің киіз үйлері тігіліп, әр киіз үйге келген қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қызықты ойын-сауық бағдарламаларын тамашалады.
Мерекелік іс-шара барысында қазақша күрес, арқан тарту, гір көтеру, қошқар көтеру секілді ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды, тақырыптық сахналық көріністер мен ұлттық салт дәстүрлер көрсетілді.
“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасы Жандос Медеуов аймақ тұрғындарын құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Одан бөлек, алаңда жәрменке ұйымдастырылып, жергілікті өндірушілердің өнімдері орналастырды.
Наурыз – барша қазақстандықтардың ортақ той-думаны. Наурыз – достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз – салауатты өмірдің салтанаты. Ендеше, төрлет, елімізге құт дарытатын Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз!