2023 жылдың 28 сәуірі күні Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен станция аумағында “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ қызметкерлерін жеке қабылдауды өткізді.
Энергетиктер жеке қабылдау форматында аймақ басшысына және облыстық департаменттер мен басқармалардың басшыларына өздерінің көкейіндегі жүрген сұрақтарын қоя алды.
Әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да мәселелер талқыланды.