Басқарма төрағасының коммерция және өткізілім жөніндегі орынбасарына

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1) жоғары кәсіптік білімнің болуы;

2) кәсіпорынның тиісті бейінінде басшы лауазымдарда мамандығы бойынша (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда) кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

3) Қоғамның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің кәсіби білімі мен білімінің болуы;

4) Қоғамның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективасын, стратегиясын, басымдықтарын білу;

5)оң жетістіктер мен мінсіз іскерлік беделдің болуы.

Осы тармақта белгіленген талаптардан басқа:

1) міндетті түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне төзімділік тұрғысынан психологиялық профлайлингті қолдана отырып, полиграфта мамандандырылған тексеруден өтуге;

2) міндетті түрде “ЕГРЭС-2 ст.” АҚ комплаенс офицерінің тарапынан  (үлестестік пен мүдделер қайшылығының болмауына) болуына тексеруден өтуге міндетті.

Жұмыс бағыты:

заңнамада, “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Жарғысында және Қоғамның басқару органдарының шешімдерінде белгіленген тәртіппен Қоғам қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

электр энергиясын өткізу жөніндегі шарттарды уақтылы жасасу және электр энергиясын сатып алу жөніндегі тендерлерге қатысу;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық, мердігерлік ұйымдармен, тауарларды/ жұмыстарды/ қызметтерді жеткізушілермен, мемлекеттік ұйымдармен және кәсіпорындармен лауазымдық өкілеттіктері шегінде өзара қарым-қатынастарда Қоғамның мүдделерін білдіру.

Түйіндеме “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: GAtymtaeva@gres2.kz және телефон арқылы хабарласыңыз: 8 (7187) 227510 (ішкі.337)


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою