СТОП-КАРТА

«Егер жұмысыңызды жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіптендіретін себеппен тоқтатар болсаңыз, өз қолдауымды кепілдік етемін», – Медеуов Жандос Карлович, “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасы.

Екібастұз ГРЭС-2-де 2023 жылдың 20 наурызынан бастап “ЕГРЭС-2 ст.” АҚ жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде “СТОП-КАРТАЛАРДЫ” қолдану жөніндегі Ереже” П-72-32 бекітілді.

Бұл ереже жазатайым оқиғалардың алдын алуға арналған, атап айтқанда, жұмыскерлердің денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін немесе жабдықтардың, техникалық құралдардың, құрылғылар мен құрылыстардың сақталуына қауіп төндіретін жағдайлар туындаған кезде жұмыскер жұмыстардың орындалуын тоқтатуға/жұмысты орындаудан бас тартуға, өзінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты тұлғасына хабарлап, СТОП-КАРТАНЫ ресімдеуге құқылы. СТОП-КАРТАНЫ пайдалану кезінде ынталандыру мақсатында, егер қауіпті фактор расталса, жұмыскер 2 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйлықақымен “ЕГРЭС-2 ст.” АҚ жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде “СТОП-КАРТАЛАРДЫ” қолдану жөніндегі Ереже” П-72-32 негізінде көтермеленеді.

Еңбек саласындағы негізгі құқық және қағидат ретінде қауіпсіз және салауатты өндірістік орта. Сондықтан, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу – бұл біздің өзіміздің, әріптестеріміз, туыстарымыз және жақындарымыздың алдындағы басты міндеттеме екенін есте сақтауларыңызды сұраймыз.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою