28 мамыр күні, Астана қаласы Триатлон-паркінде «Самұрық-Қазына» Қорының 15 жылдығына арналған “Samruk Marathon” корпоративтік жарысы, сондай-ақ Халықаралық балаларды қоғау күніне орайластырылған балалар жеңілатлетикасы акциясы өтті.
Жарыс 5 және 10 шақырым қашықтықта, балалар үшін 1 шақырым қашықтықта қарастырылған.
Спорттық акцияға Екібастұз ГРЭС-2 станциясы атынан 8 спортшы қатысты. Ал бұл іс-шараға қатысушылардың жалпы саны Қор тобындағы компаниялардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда мыңнан астам болды.
Марафон «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының екі жүз мыңдық ұжымын өзара біріктіріп, байланысты артырды.
Әріптестерімізді жеңіспен құттықтаймыз!!!