заң бөлімінің жетекші заң кеңесшісі

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң білімі және тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Жұмыс бағыты:

1)  Қоғамда  құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылық жасау және  талап-арыз жұмысын жүзеге асыру;

2) сот процесін қорғауды немесе бастаманы тұжырымдау үшін дәлелдемелерді жинауды, дайындауды және ұсынуды жүзеге асыруға, жиналған дәлелдемелер мен фактілерді зерделеуге және талдауға, алынған деректер мен дәлелдерді бағалауға, Қоғамды қорғауға, сондай-ақ істі сотта ұсынуға дайындау кезінде сот істеріне қатысу стратегиясын әзірлеуге;

3) контрагенттерге шағымдарды дайындауды жүзеге асыру, контрагенттерге жіберу және контрагенттерге жіберілген талаптардың орындалуын бақылау; 4) талап қою жұмысын жүргізуге: сот талап қоюы үшін негіздерді, дәлелдемелердің салмақтылығы мен жеткіліктілігін, оның бастамасы үшін айқындауға; талап арыздар мен материалдарды сотқа беру үшін дайындауға;

5) жер учаскелеріне шарттар жасасу үшін құжаттарды дайындау және ресімдеу. Жер учаскелеріне шарттар жасасу, өзгерту және бұзу мәселелері бойынша хат алмасуды ұйымдастыру. Жер учаскелеріне шарттар мен қосымша келісімдердің жобаларын әзірлеу. Орындаушы ретінде жер учаскелеріне шарттардың және оларға қосымша келісімдердің жобаларына бұрыштама қою. Қолданыстағы заңнамаға, Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жер учаскелеріне шарттардың уақтылы ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру. Қоғамға тиесілі жер учаскелеріне шарттарды есепке алуды және сақтауды жүргізу;

6) құрылымдық бөлімшелердің талап арыздарды сотқа дайындау үшін сұратылған материалдарды уақтылы ұсынуын бақылау;

7) сот органдары шешімдерінің орындалуын бақылауға, оларды есепке алуды және жүйелеуді жүргізуге;

8) анықталған кемшіліктерді жою туралы тиісті ұсыныстар әзірлеу мақсатында наразылық және сот істерін қарау нәтижелерін талдауға және қорытындылауға, сондай-ақ соттарға қатысу практикасын зерделеуге;

9) Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне Қоғамның қызметіне қатысты түрлі құқықтық құжаттарды дайындауда және ресімдеуде, талаптарды қабылдамау кезінде негізделген жауаптар дайындауда құқықтық көмек көрсету және жәрдемдесу;

10) құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысуға;

11) Қоғамда дайындалатын бұйрықтардың, өкімдердің, нұсқаулардың, нұсқаулықтардың, ережелердің, азаматтық-құқықтық және еңбек шарттарының, хаттамалардың, өзге де құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асыруға, оларға бұрыштама қоюға құқығы бар.

        Түйіндеме  мен Дипломның  көшірмесін “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберу: PKosovskaya@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.328) телефоны  бойынша  хабарласу.

 


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою