Басқарма төрағасының инвестициялар және даму жөніндегі орынбасарына

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Бейіндік салалардағы жоғары кәсіптік білім: Құрылыс және / немесе қаржы және / немесе инвестицияларды басқару және / немесе менеджмент және / немесе энергетика;

BIM технологиялары, техникалық қадағалау, құрылыста сметалық баға белгілеу қағидаттары бойынша сертификаттау/аттестаттаудың болғаны жөн;

Халықаралық аккредиттелген бағдарлама бойынша МВА және/немесе ЕМВА дәрежесінің болуы және/немесе халықаралық бизнес және/немесе экономика және/немесе қаржы бойынша магистр дәрежесінің болуы жақсырақ.

Сертификаттаудың болуы: жобалық басқару саласында PMP,PgMP, Prince2, IPMA, PME, Prosci, CMC.

Жұмыс тәжірибесі:

Бейінді салаларда кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі: құрылыс жобаларын сәулет және басқару және/немесе инвестицияларды және/немесе корпоративтік қаржыны басқару/өндірістік және/немесе холдингтік және/немесе инвестициялық компанияда, жақсырақ энергетика саласында бизнесті дамыту.

Қызмет ауқымы, күрделілігі және/немесе табыс көлемі бойынша Қоғаммен салыстырылатын инвестициялық немесе өндірістік компанияларда (энергетика саласында) бейінді салаларда басқару жұмысында кемінде 5 жыл тәжірибесінің болуы.

Электр станциясында өндірістік персонал, өндірістік желіде техникалық персонал ретінде жұмыс тәжірибесі.

Күрделі құрылыс және техникалық қадағалау тәжірибесі.

Орта және ұзақ мерзімді өндірістік бизнес-жоспарларды қамтамасыз ету тәжірибесі.

Инвестициялық жоспарлау, қаржы ресурстарын тарту тәжірибесі.

Функционалды ішкі құжаттарды, саясатты және/немесе стратегияны әзірлеу тәжірибесі.

Жұмыс бағыты:

ҚР заңнамасы, Қоғамның Даму стратегиясы шеңберінде Қоғамның инвестициялық саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, қаржылық тұрақтылықты құру және Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында жаңа активтердің құрылысын және іске қосылуын ұйымдастырады.

Түйіндеме “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ электрондық мекенжайға жіберілсін: GAtymtaeva@gres2.kz және  байланыс телефоны  8 (7187) 227510 (ішкі 337)


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою