«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ жаңа басшысы тағайындалды

“Самұрық-Энерго” АҚ «Генерация және Отын» департаменті директоры Ауталипов Галымбек Екібастұз ГРЭС-2 ұжымына Директорлар кеңесінің 2023 жылдың 22 тамызындағы шешімімен сайланған жаңа Басқарма төрағасы Клец Геннадий Михайловичті таныстырды.

Г. Ауталипов жаңадан тағайындалған басшының кәсібилігін атап өтті. “Станция алдында маңызды міндеттер тұр. Біріншіден, бұл апатсыз жұмыс және акционерлер белгілеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмысты жандандыру”, — Г. Ауталипов.

Геннадий Клец сенім білдіргені үшін алғыс айтып, станция ұжымының жемісті жұмысына сенім білдірді.

Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Клец Геннадий Михайлович «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Инвестициялық жобалар жөніндегі Басқарушы директоры лауазымын атқарды.

Электр энергетикасы саласындағы еңбек өтілі 31 жылды құрайды.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою