ГРЭС-2 жастар активі “Qamqor” қайырымдылық акциясын қолдай отырып, қарт адамдарға өздерінің жылуы мен қамқорлығының бір бөлігін сыйлады.
Кентіміздің қарттарына станцияның жас қызметкерлері басшылықпен бірге бірлесіп азық-түлік себеттерін сыйға тартуға шешім қабылдады.
“Мерекелерге қарамастан, жақсы істер әрқашанда жасалуы керек. Бұл позицияны станцияның энергетиктері ұстанады. Қолдау қиын өмірлік жағдайға тап болған зейнеткерлерге арналды”, – деп түсіндірді Басқарма төрағасының жалпы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гаухар Нұғманова.
Өз кезегінде, акцияға қатысушылар алғыс сөздерін білдіріп, мұндай назар олар үшін өте құнды екенін атап өтті.