Қыргүйектің 15 күні Астанада «Green Park» демалыс орнында «Самұрық-Энерго» АҚ жалынды жастарының басын қосқан «Самұрық-Энерго» II Жастар Форумы өтті.
Нетворкинг форматында өткен Форумға компания тобындағы «Богатыр-Көмір» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «Мойнақ ГЭС-і» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ және т.б. ұйымдардан 100-ге жуық жастар жиналған.
Іс-шараның басты мақсаты – ой-жоспармен, тәжірибемен алмасу арқылы әлеуметтік және кәсіби даму жолында әріптестерді бір бағытқа – компанияның дамуы жолына тоғыстыру.
Форумда компанияның жас жұмыскерлері тың идеяларымен, жаңа бастамаларымен, болашаққа деген жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ жастарды дамыту бағытында жасалған «Жеті қадам» жобасының жеңімпаздары шақырылды. Олар жоба туралы әңгіме тарқатып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.