Екібастұз ГРЭС-2 станциясына жұмыс сапары аясында «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Директорлар кеңесі мен «Самұрық-Энерго»АҚ өкілдері келді.

Екібастұз ГРЭС-2 станциясына жұмыс сапары аясында «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Директорлар кеңесі мен «Самұрық-Энерго»АҚ өкілдері келді.

Кездесу барысында Директорлар кеңесі, Владислав Ерханович Байгужиннің төрағалығымен станцияның жұмысымен, оның ішінде блоктық басқару қалқанымен және емдеу-профилактикалық қызметімен танысты. Айта кету керек, станцияның емдеу-профилактикалық қызметі заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және кәсіпорын аумағында ұйымдастырылған аймақтағы ең жақсы қызметтердің бірі болып табылады. Сондай-ақ, делегация үшінші энергоблок жобасын іске асыруға арналған құрылыс алаңына барып, жоба шеңберінде келіп түскен жабдықтарды сақтау шарттарымен танысты.

Станцияның қызметі туралы баяндамада «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма төрағасы Геннадий Клец үшінші энергоблогын орнатуды көздейтін «Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құру» жобасының іске асырылу барысы туралы хабарлады.

Бұдан басқа, кадрлық әлеуетті пайдалану тиімділігін және сабақтастықты жоспарлау практикасын арттыру мақсатында Директорлар кеңесінің Екібастұз ГРЭС-2 кадр резерві қатарындағы қызметкерлермен кездесуі өткізілді.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою