Екібастұз ГРЭС-2 станциясында Республика күніне орай шағын футболдан «Басқарма төрағасының Кубогы» турнирі өтті

Турнир ГРЭС-2 қызметкерлері мен Солнечный кентінің тұрғындары арасында өтті. Жарысты Екібастұз ГРЭС-2 жастар активі ұйымдастырды. Турнир жастар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және кент тұрғындарын дене шынықтыру-спорттық іс-шараларға тарту мақсатында Республика күнін мерекелеу шеңберінде өтті.
Турнирге бес команда қатысты.

Демалыс күндері кенттің спорт алаңын ойыншылардың ата-аналары, балалары мен достары толтырды. Турнир қарқынды күресте өтті, өйткені командалардың әрқайсысы жеңіске жетуді қалады.

Турнир қорытындысы бойынша «Басқарма төрағасы Кубогының» иегері – Алим I командасы атанды, 2 орын – Алим II және 3 орынға – PS Сити командасы ие болды. Сондай – ақ келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды: үздік ойыншы – Сугурбаев Жанназар (ЦГТСиПК), үздік қақпашы – Хайдаров Темірлан (ТТЦ) және үздік бомбардир – Ертаев Мақсат (КТЦ). Командалар дипломдармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаз командалар барлық жүлделерді қайырымдылыққа жіберді. «Біз бүгін өзіміз үшін ойнап, футболдан рахат аламыз деп шештік», – турнир ойыншылары өз эмоцияларымен бөлісті.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою