Екібастұз ГРЭС-2 станциясында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы өтті

Акцияға станция қызметкерлері және белсенді жастар қатысып, кент тазалығына өз үлестерін қосты.

Акцияның мақсаты – ел халқын өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуда біріктіру.

Осындай іс-шараларға табиғатқа жанашыр ұрпақты тарту жұртшылық арасында экологиялық сананы арттыруға, осындай экологиялық бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Барша ниет білдірушілерді өз өңірлеріндегі сенбілікке қатысып, туған өлке экологиясын жақсартуға үлес қосуға шақырамыз.

Еліміздің тазалығына бірге ат салысайық!


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою