Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және 1-санатты бухгалтер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, не қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласындағы жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.
Жұмыс бағыты:
1) құжаттарды өңдеудің бірыңғай технологиясын қамтамасыз ету, салыстырмалы және анық салық және қаржылық есептілікті жасау;
2) ҚЕХС сәйкес қаржылық есептілік нысандарын қалыптастыру;
3) акционерлердің нысандары бойынша қаржылық есептілікті қалыптастыру және ұсыну;
4) есепке алу учаскелері бойынша бақылау.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: ASagnaeva@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.358) телефоны бойынша хабарласу.