материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің инженері

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жұмыс өтіліне талаптар қойылмай жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі  немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі.

Жұмыс бағыты: Қоғамды өндірістік қызмет үшін қажетті сападағы қажетті материалдық ресурстармен уақтылы қамтамасыз ету; материалдық ресурстарға қажеттілікті айқындау негізінде қажетті өндірістік қорларды құру; жеткізушілермен шарттар жасасуға қатысу; жеткізушілердің  шарттық міндеттемелерді орындауын бақылау; құжаттаманы ресімдеу.

Түйіндеме мен дипломның көшірмесін  жарияланған күнінен бастап үш күннен кешіктірмей  “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға  электрондық мекенжайға жіберілсін: EHarchenko@gres2.kz, “Samruk Qyzmet” бірыңғай онлайн рекрутинг платформасында (www.qsamruk.kz) және 8(7187) 227510(ішкі.367) телефоны бойынша хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою