Ораза айт Рамазан айы аяқталғаннан кейін басталатын берекелі мейрам және бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті күн.
Ораза айт күні мұсылмандар қол алысып, төс қағысып, бір-бірін айт мерекесімен құттықтайды, жақсы тілектерін айтады. Ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарасады. Ал әйелдер қауымы үйде қазан асып, дастарқан жайып, айттық шай әзірлейді. Көрші-қолаң бір-бірінің үйіне кіріп дәм ауыз тиеді, шаңырақ иесіне аман-саулық тілеп, айтпен құттықтайды.
Рамазан айының оразасын ұстаған жамағат бұл ай бойы рухани байып, бір-біріне деген ізгілікті арттырды.
Енді міне, айттын алғашқы күні Екібастұз ГРЭС-2 станциясында Солнечный кенті тұрғындарына, станция қызметкерлері мен ардагерлеріне айт шайы берілді.
Жалпы сауапты іс атқарып, рухани жиын ұйымдастырылғаны үшін келген жұрт ризашылықтарын айтып, қариялар ақ батасын берді.