Интернет-алаяқтық және өндірістік жарақаттану тақырыбына арналған кездесу

24 сәуірде Екібастұз қаласы прокуратурасының қызметкерлері интернеталаяқтық және өндірістік жарақаттану тақырыбына арналған Екібастұз ГРЭС2 станциясы АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында киберқылмыс, оның ішінде интернет пайдаланушыларға қатысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткені атап өтілді.

Қызметкерлерге интернеталаяқтық жасаудың негізгі тәсілдері мен әдістері жеткізілді. Сондай-ақ, өндірістік жұмыстарды жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша прокуратура қызметкерлері ұжымда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жұмыс жүргізу бойынша бірқатар ұсыныстар берді.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою